Басты Жаңалықтар Шығыс Қазақстанда бала асқазанынан ұйысып қалған шаш шықты

Шығыс Қазақстанда бала асқазанынан ұйысып қалған шаш шықты

Шығыс Қазақстанда дәрігерлер 10 жастағы қыздың асқазанынан ұйысып қалған шаш алып шықты.  Күршім ауданынан келген ата-ана баланың  тәбетінің күрт төмендеп, салмақ тастағанын айтып шағымданған.

Жасөспірімді  дереу ультрадыбыстық тексеруден өткізген облыстық «Ана мен бала» орталығының мамандары оның асқазанында бөгде заттың бар екенін анықтады. Қарақаттың ата-анасы оның  шашын, тырнағын аузына салып тістелеп отыратын әдеті бар екенін айтқан. Мамандардың мәліметі бойынша,мұндай жағдайлар әсіресе, 5 пен 12 жас аралығындағы қыз балаларда кездесуі мүмкін. Орталық дәрігерлері дәл осындай операцияны 4 жыл бұрын 5 жасар  қызға  жасаған. 

Есен  Шоқаев, облыстық «Ана мен бала» орталығының хирургі:

- Ота сәтті өтті.  Асқазаннан жалпы ұзындығы 12 сантиметр, жалпы салмағы 2,5 килограмм шаш  шықты.  Ол 1,5 -2 жылдың ішінде жиналған. Мұндай патологиялар сирек кездеседі.

Қарақат Мұрат, емделуші:

- Дәрігерлер маған жақсы қарайды. Бір-екі күннен кейін үйге барамын.

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу