«Kókshe» арнасының тележобасы «TEFI-қауымдастығы» халықаралық телевизиялық байқауының жеңімпазы атанды
«Qazaqstan» телерадиокорпорациясының құрамындағы «Kókshe» арнасының тележобасы «TEFI-қауымдастығы» халықаралық телевизиялық байқауының жеңімпазы атанды. Ташкент қаласында өткен конкурсқа 12 мемлекеттің бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Биылғы байқау «Отанның бейнесі: уақыт, орын, тағдыр» тақырыбымен өтті. «Kókshе» телеарнасының «Родиться, быть успешным!» атты жобасы аталымдардың бірінде үздік деп танылды. Сондай-ақ, байқау аясында журналистерге арналған семинарлар, тәжірибе алмасу алаңдары ұйымдастырылды.
Юрий Обердиенко, «Kókshe» телеарнасының редакторы:
-Бұл жалғыз менің ғана жетістігім емес. Өйткені, телевизия саласында жеке-дара жұмыс істеу мүмкін емес. Кез келген жобаның сәтті шығуына тұтастай команда жұмыс жасайды. Сондықтан, барлық әріптестерімізге алғыс айтамын. Бұл біздің халықаралық аренадағы алғашқы жетістігіміз. Ол жеңіс шыңдала түсуге ынталандырады.
Ермек ЕЛБЕРГЕН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы