Жалпы, еліміздің өңдеу өнеркәсібі саласындағы Шығыс Қазақстан өңірінің үлесі - 14 пайыз. Ал, экспорттың жалпы көлемі 15 пайызды құрайды. Облыста 40-тан астам кәсіпорын өз тауарларын шетелге шығарып отыр. Бұл негізінен металлургия, химия және машина жасау саласының өнімдері. Шығыс өңірінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі жыл санап артып келеді. Мәселен, өткен жылы автокөлік құралдарының, трейлерлер мен ашық тіркемелердің өндірісі 88 пайызға, электр жабдықтары 74 пайызға артты. Жалпы, индустрияландыру картасы аясында аймақта жалпы құны 224 миллиард теңгеден асатын 57 жоба іске қосылып, 7100 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Берік КӨШЕРБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.