Ішкі және халықаралық кіру туризмін дамыту үшін оны алдымен жақсылап танытуға тиіспіз. Өйткені, еліміздің көрікті жерлерін өзгені айтпағанда өз тұрғындарымыздың да көрмегені жетерлік. Сондықтан, үш ай бұрын «Ұлы Дала еліне саяхат» экспедициясы ұйымдастырылды. Жоба қатысушылары «Тянь-Шань маржандары», «Алтай – өркениет бесігі», «Жоңғар Алатауы», «Сарыарқа», «Теңізден теңізге дейін» және «Жаңа Жібек жолы» деген 6 бағыт бойынша Қазақстанды шарлап шықты. Нәтижесінде 6 туристік кластерді келісті ету көзделіп отыр. Экспедицияға Ресей және Италия фотографтарымен бірге, отандық түсірілім топтары да қатысты. Олардың түсірген дүниелері жер-жерде жарияланатын болды. «Бұдан бөлек, инфрақұрылым тарту, абаттандыру сияқты мәселелер де назардан тыс қалмады», - дейді сапарлаушылар.
Рашид Күзембаев, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы:
- «Туристік Қазақстан» 2023 жылға дейін жоспарланған бағдарлама. Бағдарламада нақты іс-шаралар енгізілетін болады. Экспедицияның тағы бір мақсаты - фото-видео банк жасау. Қазірде бар. Бірақ, ол бізге жеткілікті емес. Осы айдың ортасында «Қазақстан Travel» деген ұлттық портал ашатын боламыз. Соған фото және видео материалдарды пайдаланамыз.
Нысаналы ЫҒЫЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.