Жастардың баспана мәселесін шешу қажет - Асхат Оралов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастардың баспана мәселесін шешу қажет - Асхат Оралов

10.10.2018

Жастар жылы аясында келесі жылы Түркістанда екі халықаралық жастар форумы өтеді. Оның бірі Орта Азия елдерінің жастарының жиыны болса, екіншісі түркітілдес елдердің жастарының басын қоспақ. Бұл туралы Қоғамдық даму министрлігіне қарасты Жастар ісі және отбасы комитетінің төрағасы хабарлады. Форумда Орта Азия елдерінің Жастар кеңесін құру туралы бастама көтерілмек. Айта кету керек, Президент Жолдауында айтылғандай 2019 жыл Қазақстанда жастар жылы болып жарияланатын болады.  

Асхат Оралов, ҚР Қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы комитетінің төрағасының м. а.:

- Осы Жастар жылын пайдалана отырып, біздің жастарымызға әсер ететін бес жобаны қолға алған дұрыс деп есептейміз. Ол қолжетімді және сапалы білім алу мәселесі. Екіншісі, тұрақты жұмыс орындарын табу.  Үшіншісі, баспана мәселесін шешу. Әрине, «7-20-25» бар. Бірақ, қосымша арнайы бір бағдарлама болуы керек деп есептейміз.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ  

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу