Басты Жаңалықтар 5 әлеуметтік бастаманың жүзеге асырылу барысы талқыланды

5 әлеуметтік бастаманың жүзеге асырылу барысы талқыланды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 әлеуметтік бастамасына барша халық үлкен үміт артып отыр. Оның орындалуын қадағалап отырған қоғамдық кеңес мүшелері кезекті жиыннан кейін осындай ойларын жеткізді. Айта кетейік, қоғамдық кеңес кеңседе отырып емес, аймақтарды арнайы аралап келген соң  жалпы ахуал туралы қорытынды жасады. Айтуларынша, халықтың басым көпшілігі көбінесе тұрғын үй мен жеңілдетілген несиеге иек артып отыр. Мысалы, «7-20-25» бағдарламасы бойынша алғашқы жарна субсидияланады деген жаңалық жария болғалы бері жұрттың пәтер алуға деген құлшынысы екі еселенген.  

Бақытжан Жұмағұлов ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Осындай шаралар 250 мыңнан астам отбасы үшін тұрғын үй жайын жақсартуға мүмкіндік береді. Мұның бәрі әрбір адам үшін Қазақстан қоғамының әлеуметтік бірлігін қамтамасыз ету үшін бағытталған. Осы жылы Жолдау әлеуметтік саладағы бірегей өзгерістермен қатар қуатты экономикалық блоктардан тұрады. Осы теңдесіз шараларды іске асыруға мемлекеттен 1,5 трлн. теңге бөлінеді.

5 әлеуметтік бастама бойынша  шағын несиелеуді кеңейту әрі көбейту жұмыстары да қарқынды іске асырылуда. Қазан айындағы жағдай бойынша тек ауыл шаруашылығы саласында бизнеске 8 мың 500 адам несие алыпты. Оның жалпы сомасы 36 миллиард теңгеден асады.  Бұл жылдық жоспардың 60 пайызы. Бір қуантарлығы, соңғы уақытта ауыл тұрғындарының бизнеске деген ұмтылысы қатты байқалады екен. Бұл үрдістің қарқынын одан әрі арттыру үшін шағын несие ұйымдарының қызметін жандандыру жоспарлануда. Яғни, ауыл азаматтарының қаржы көзіне тез әрі қолайлы қол жеткізуіне жағдай жасалмақ.    

Ербол МӘНДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Бөлісу