Басты Жаңалықтар Ертең Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі басталады

Ертең Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі басталады

Биылғы жиынның өтетін уақыты съездің 15 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Осы аралықта форум әлем қоғамдастығы тарапынан кеңінен мойындалды, Қазақстанның сыртқы саясатының танымал брендіне айналды. Съездің діндер мен мәдениеттер арасындағы ауызбіршілікті нығайтуға қосқан үлесі БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарларында ерекше  аталып өтті.

Дін көшбасшылары басқосуының алдында бүгін съез хатшыларының XVII отырысы ұйымдастырылды. Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық еткен басқосуда әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылық мәселесі талқыланды. Сенат төрағасы елордаға келген мәртебелі меймандарға алғыс айтып, ертеңгі отырыстың маңыздылығына тоқталды.

 Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Соңғы уақытта әлемдегі геосаяси және геоэкономикалық жағдай түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Бұл өзгерістердің нәтижесінде әлеуметтік теңсіздік, этносаралық және дінаралық төзбеушілік сияқты өткір мәселелер ушыға түсті. Түрлі діни сенімдерді бір-біріне қарсы қоюдың салдарынан және «Құдай жолындағы ізденісті» қалқан етіп, теріс әрекеттер жасаудың нәтижесінде шиеліністер мен ашық қақтығыстардың жаңа ошақтары пайда болуда. 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу