«100 жаңа есім» жобасы мектеп оқушыларына серпін берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«100 жаңа есім» жобасы мектеп оқушыларына серпін берді

09.10.2018

Мемлекет басшысы ұсынған «100 жаңа есім» жобасы мектеп оқушыларына да зор сенім ұялатып, серпін берді. Мәселен, Мұқан Төлебаев атындағы өнер мектебінің түлегі, жас композитор Рахат-Би Әбдісағинның үздіктер қатарынан көрінуі - өнер жолына қанат қаққан өрендерге үміт сыйлады.

Білім ошағының өнерпаздары оны әркез мақтан тұтады. Сонымен қатар, олар да халықаралық байқауларға қатысып, ел мәртебесін биіктетуге үлес қосуға талпынып отыр. Өнер ұжымының білімі әлемдік музыкалық мектептерден еш кем емес. Бұған дүниежүзілік байқауларда ел абыройын асқақтатып жүрген жас өнерпаздар дәлел.     

Шәмилә Шалдаева, М. Төлебаев атындағы №5 балалар музыкалық мектебінің директоры:

- Біздің музыкалық мектептен тәлім алған түлегіміз Рахат-Би Әбдісағинның  «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы атануы оқушыларымызға үлкен сенім орнатты. Біз ұжым болып осындай өнерпазды дайындағанымызға мақтанамыз. Ал, бұл өткізген шарамыз осындай үздіктерімізді ұлықтау арқылы, оқушыларымыздың ынтасын арттыруға негізделген.  

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу