Храпуновтарға қатысты сот үкімі шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Храпуновтарға қатысты сот үкімі шықты

08.10.2018

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының судьясы ерлі зайыпты Лейла мен Виктор Храпуновтарға қатысты үкім шығарды. Осыған дейін оларға байланысты 24 іс қозғалған. Яғни, қызмет бабын асыра пайдаланып, мемлекет қаржысын алаяқтық жолмен жымқырды, заңсыз жекешелендіру жүргізді, заңсыз кірістерді заңдастырып алды, үлкен көлемде пара алды, ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оған жетекшілік жасады деген айып тағылған еді. Бүгін ұзаққа созылып кеткен тергеу амалдары мен күдіктілердің уәжіне нүкте қойылды. Лейла Храпунова 14 жыл ал, оның күйеуі Виктор Храпунов 17 жылға бас бостандығынан айырылды.    

Қасым Қалмағамбетов, Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының судьясы:

- Виктор Храпунов айыпты деп танылып, 17 жылға бас бостандығынан айырылсын. Сондай-ақ, мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылсын. Жазасын қауіпсіздігі жоғары қамтылған мекемеде өтесін.  

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу