Басты Жаңалықтар Астанада жаңа автовокзал ашылды

Астанада жаңа автовокзал ашылды

Су жаңа мекеме «Нұрлы жол» теміржол вокзалының ішінде орналасады. Ертең алғашқы рейспен жолаушылар осы жерден Қарағанды және Степногорск қалаларына қатынайды. Бастапқы кезеңде автобустар 6 бағыт бойынша жүреді. Келер жылдың алғашқы жартыжылдығында рейстердің саны артып, еліміздің барлық өңіріне қатынай бастайды. Автовокзалдың ашылу салтанатына орай ресми шара ұйымдастырылды. Жолаушыларға қажетті ақпараттар беріліп, автобустардың кестесі таратылды. Күні-түні демалыссыз жұмыс істейтін жаңа бекетте жолаушылардың қолайлығы үшін барлық жағдай жасалған. 

Жарқын Бекжанов, «Сапаржай-Астана» ЖШС директоры:

- «Сапаржай-Астана» ЖШС 2000 жылы құрылды. Содан бері елордадағы жалғыз автовокзал. Ертеңнен бастап Астанадан оңтүстік бағыттар бойынша билеттер сатылады.

 

Бақытжан ОМАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу