Басты Жаңалықтар «Астана Балет» театрында академияға жаңадан қабылданған оқушылар үшін салтанатты шара өтті

«Астана Балет» театрында академияға жаңадан қабылданған оқушылар үшін салтанатты шара өтті

«Мамандыққа алғашқы қадам». Осындай атаумен «Астана Балет» театрында академияға жаңадан қабылданған оқушылар үшін салтанатты шара өтті. Ашылу рәсіміне қатысқан Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы академия ұжымын ұстаздар мерекесімен құттықтап, би әлеміне алғаш қадам басқан бүлдіршіндерге сәттілік тіледі. Ал, кішкентай әртістер көптің қошеметімен төрге көтеріліп, тұңғыш рет кәсіптік сахнамен танысты. Соңынан Академияның жоғары сынып оқушылары мен студенттері қойған ең үздік би қойылымдарын тамашалады.  

Нұрайым Дарханқызы, оқушы:

- Мен осы мектепке түсуді армандадым. Бұл менің ең бірінші арманым болды. Биге өте құмармын. Бірінші рет сахнаға шықтым.

Малика Әлімжан, оқушы:

- Біз бір айдың ішінде көптеген би элементтерін үйрендік. Осы жақта оқыған қатты ұнайды.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу