Көмірді негізсіз қымбаттатуға жол бермейтін электронды бақылау жүйесі енгізілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көмірді негізсіз қымбаттатуға жол бермейтін электронды бақылау жүйесі енгізілмек

04.10.2018

Келер жылдан бастап еліміздегі көмір сатушылар электронды шот фактулараға өтуі мүмкін. Бұл қадам қара отынның бағасын негізссіз өсіретіндерге қарсы жасалып отыр. Қаржы министрлігі кірістер комитетінің басқарма басшысы Шафкат Құдабаев осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл салаға «Виртуальды қойма» деп аталатын жаңа жүйе енгізіледі. Қолға алынған бастама көмірдің кен орнынан бастап сатып алған адамға дейінгі жолын бақылауға мүмкіндік береді. Яғни, қара отынды сатушы тұтынушыға өнімін өткізерде онлайн түрде шот фактура беруге міндеттеледі. Егер көмірді сатып алған адам бір аптадан кейін келіп, қайта сауда жасағысы келсе, оның бұл әрекеті арнайы базадан шығады. Сөйтіп, ол адамға шара қолданылады. 

Шафкат Құдабаев, ҚР Қаржы министрлігінің басқарма басшысы:

- Біз өткен жылыту маусымында көмірдің бағасын екі, үш есе өсіретіндерді көрдік. Олар қара отынды сатқаны үшін ешқандай да салық төлемейді. Оларға қандай да бір шара қолдану мақсатында «Виртуалды қойма» жүйесін енгізгелі отырмыз. Жаңа жүйе олардың арам пиғылдарын іске асыруға мүмкіндік бермейді. Енді құжатты заңды түрде бекітуге жұмыстар жүргізіп жатырмыз. 

 

Бақытжан ОМАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу