Астана халқы биыл 400 мың тоннаға жуық қатты отын жағады
Астана халқы биыл 400 мың тоннаға жуық қатты отын жағады. Көмір жеткілікті, тапшылық болмайды, деп сендірді әкімдік өкілдері. Тіпті қала маңындағы елдімекен тұрғындары да қажетінше тиеп кетіп жатыр екен. Былтырғы кемшіліктерді жібермес үшін мамандар тұрғындарды ала жаздай ақпараттандырғанын айтады. Яғни, қарбаласқа тап болып, кезек күткісі келмейтіндер қазірден қамданып көмір алып қойғандары дұрыс, дейді. Ал, қатты отын маусымнан бастап жеткізіліп жатыр. Бүгінге дейін 117 мың тоннасы келген.
Бағдат Байсадықов, қалалық Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
- Қазіргі таңда қала бойынша 12 сату орны бар. Осы жылдың басында негізгі сату мекемелерімен Астана қаласы әкімдігі арасында меморандумға қол қойылды. Яғни, бағалары тұрақты түрде орнықты.
Ал, жылыту маусымы ауа температурасы +10 градус немесе 5 тәулік ішінде одан да төмендесе басталады. Бірақ, бүгінде 127 әлеуметтік және мәдени нысанға жылу берілді. Енді энергия көздерінің қысқа дайындығы – 96%, жылумен желілері – 90%, электр – 99%, сумен жабдықьау – 94% дайын.
Нысаналы ЫҒЫЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы