Басты Жаңалықтар Ақтауда парадан бас тартқан мемлекеттік қызметкерге сыйақы берілді

Ақтауда парадан бас тартқан мемлекеттік қызметкерге сыйақы берілді

Ақтауда парадан бас тартқан мемлекеттік қызметкерге 100 мың теңге көлемінде сыйақы берілді.  Ал, оған ақша ұсынған азамат сот шешімімен 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Мемлекеттік қызметші облыстық Кірістер департаментінің жетекші маманы болып жұмыс істейді.  Ақтаулық тұрғын құжаттарды жедел дайындап беру үшін 5 мың теңге пара ұсынған. Алайда, қызметіне адал маман бөгелместен тиісті органға хабар берген.  

Әсет Байлин, облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті ішкі қауіпсіздік басқармасының бөлім басшысы:

- Үкіметтің қаулысына сәйкес, Перизат Қылышбайқызы ынталандыру сыйлығымен марапатталды. Ол сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық заңбұзушылықтың алдын алып, азаматтық ұстанымын көрсетті. Ал, пара ұсынған тұрғын 48 мың тг көлемінде  айыппұл төлейді.

 

А. ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу