Елімізде Қызыл Крест комитетінің кеңсесі ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде Қызыл Крест комитетінің кеңсесі ашылады

04.10.2018

Қазақстанда Қызыл Крест комитетінің кеңсесі ашылады. Мәжілісте аталған бағыттағы заң жобасы бойынша баяндама жасаған еліміздің Сыртқы істер министрі осылай деді. Қайрат Әбдірахмановтың айтуынша, бастапқы кезеңде комитет кеңсесінде 3 адам қызмет атқарады. Барлығы Қазақстан азаматы болуы тиіс. Егер жобалар саны мен жұмыс көлемі артса, адам саны 5-ке жеткізіледі. Ал, Қызыл Крест комитетінің басшысы халықаралық деңгейдегі конкурс арқылы анықталады. Ол шетел азаматы болуы да ықтимал. Ел Үкіметі мен Халықаралық Қызыл Крест комитеті арасындағы келісімді ратификациялау - төтенше жағдайлардың құрбандарына көмек көрсетуге және гуманитарлық құқық пен қағидаттарды дамытуға серпін береді.   

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Жобаны қабылдау - Қазақстандағы осы комиметтің кеңсесін ашуға және оның қызметін барынша аз шығындармен және көмекке мұқтаж адамдарға тікелей пайдасын барынша арттыра отырып, жүзеге асыруға жәрдемдеседі.  

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу