Елордада «1000 бас киім» жәрмеңкесі өтуде
«1000 бас киім». Міне, дәл осындай атауды арқау еткен бас киімдер жәрмеңкесі елордада өтіп жатыр. Сөреге бас киімнің мыңнан астам түрі қойылған. Бұл жерден кез келген адам өзіне қажетті бас киімді таңдап қана қоймай, сатып алуына болады. Жәрмеңке «Жастар сарайында» өтуде.
Бас киім - жылулық пен жайлылықтың нышаны. Астана секілді қысы ұзақ өңірде басты жылы ұстау өте өзекті мәселе. «1000 бас киім» жәрмеңкесі алда келе жатқан суықты жылы құлақшынмен қарсы алуға мол мүмкіндік ұсынып отыр. Жәрмеңкеде жасанды және бағалы теріден жасалған өнімнің мыңға жуық түрі қойылған.
Жанна Фоменко, менеджер:
-Новосібірдің «1000 бас киім» жәрмеңкесі ерлер мен әйелдерге арналған бас киімнің алуан түрін ұсынады. Біздің фабрикамыз теріні илеуден бастап, өңдеу, дизайны, тігу сынды процесті бастан-аяқ атқарады. Ал, бағаларымыз болса сатып алушыларға өте қолайлы.
«Мартэн» фабрикасы бас киімді өзі тігіп, өзі сатады. Ортада делдал жоқ. «Содан болар, өнімнің бағасы қолжетімді»-дейді, жәрмеңке ұйымдастырушылар. Ал, сапасы стандартқа сай. Бұған дейін жәрмеңке Өскемен, Семей, Павлодар қалаларында болған.
Нина Берюкова, қала тұрғыны:
-Бағасы қолжетімді. 10 мыңнан бастап, талғамыңызға сай 100 мыңға дейінгі бас киімдер бар. Қазір киіп көріп, бір таңдау жасаймын.
Бас киімдер аукционда сатып алынған бағалы аң терісінен тігілген. Айта кету керек, құлақшындар толықтай қолмен тігіледі. Өндіруші 1 жыл кепілдік берген. Жылы-жұмсақ құлақшындар жәрмеңкесі жетінші қазанға дейін жалғасады.
Ғабит БӨКЕНБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы