Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау, яғни, субсидиялау процестерін автоматтандыру - өтініштерді қарастыру мерзімі 2,5 есеге қысқаратын болды. Бұл шара саладағы жемқорлықты азайтуы тиіс. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев осылай деді. Ведомство өкілінің айтуынша, субсидиялаудың негізгі 14 бағытының ішінен биыл тыңайтқыш саласы толық автоматтандырылды. Жыл соңына дейін қалған бағыттар іске қосылады. Нәтижесінде өтініштерді қарастыру 18 күннен 7 күнге дейін азаяды. Қолға алынған бұл бастамалар субсидиялау үрдісіне лауазымды тұлғаларды қатыстырмайды. Вице-министрдің айтуынша, саланы автоматтандыру өтініш берген шаруа иелеріне өздерінің істерін онлайн режимде бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Альбина ӘШІМ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.