Кәсіби маманға қашан да сұраныс бар
Журналистерді даярлауда академиялық білім берудің маңызы зор. Себебі, қазір қысқа курстан өтіп, бірнеше жыл білім алған кәсіби мамандардың алдын орап кететін пысықайлар көбейген.
Алматыда өткен жиында Мысыр елінің журналистері осындай ой айтты. Өйткені, тек арнайы білім алған мамандарды жұмысқа алу ережесін енгізбесе, бұл салада жүйесіздік орнайды. Ал, елге танымал әншілерді рейтинг үшін жұмысқа қабылдау - қоғамдық ғылымдарға деген құрметтің азаюына әкеледі. Сондықтан, мамандар бұл мәселені сараптап, қорытынды шығаруы қажет.
Дәурен Дүйсебаев, әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ Ақпарат департаментінің директоры:
- Шет елден келген қонақтар осы мектептің бағдарламасы бойынша қазақтың тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрімен танысуда. Болашақта осы журналистер Қазақстанды сол Мысыр еліне таныстырады.
Аманкелді СЕЙІТХАН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы