Елбасы жариялаған «100 жаңа есім» жобасы жас толқынның елдік мәселеге араласуына жол ашты. Солардың бірі - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев. Алматылықтардың алдында есеп берген өнер ордасының басшысы тәлімгерлерді даярлауда тың бастамаларды қолға алғандығын жеткізді. Мәселен, ауылдық жерлерде нотаны танымаса да, ұлттық аспаптарда шебер ойнайтын тума таланттар аз емес. Оларды оқуға қабылдап бағыт-бағдар берсе, елімізді әлемге танытатын өнерпазға айналуы бек мүмкін. Сондықтан, консерватория ұжымы студенттерді қабылдауда енді қатып қалған қатаң қағиданы бұзып, шын таланттарды шалғай ауылдардан іздемекші.
Арман Жүдебаев, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры:
- Консерватория тұрғысынан көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Келесі жылы біздің консерваторияның 75 жылдығы болады. Оны атап өтейін деп жатырмыз. Қазіргі таңда бізде мәдениет қана емес, жалпы ғылым да білім де бар. Соны дамытуға алға қойған мақсаттарымыз бар.
Алмат ӘБДІРАМАН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.