Энергетика саласына әйел азаматтарды көптеп тарту керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Энергетика саласына әйел азаматтарды көптеп тарту керек

02.10.2018

Қара жұмысқа емес, басқару, экономика, құжаттарды жүргізу жағына әйелдер икемдірек келеді. «Дүниежүзілік мұнай кеңесі» отырысы аясындағы «Энергетикалық сектордағы гендерлік саясат» сессиясында осы тақырып қозғалды. 5 жыл бұрын саладағы гендерлік саясатты жүргізу үшін ханымдар клубы да құрылған. Нәтижесі жаман емес. Жоспарланған жұмыстардың барлығы біртіндеп ретке келтіріліп жатыр.

Ботагөз Әшірбекова, «Қазгермұнай» БК ЖШС бас директорының орынбасары:

- Көбінесе біздің бастапқы мәселеміз энергетика саласында жас мамандарға білім беру. Соған атсалысып жатырмыз. Қандай да бір мәселе болса сол мәселені ортаға салып, талқылап, өзінің бір оңды шешімінің табылуына ықпал етеміз.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу