«Асыл ана» республикалық фестиваліне 150-ден астам адам қатысты
Отбасындағы міндеттен бөлек қызметті де сәтті үйлестіріп жүрген нәзік жандылар Астанаға жиналды. «Асыл ана» республикалық фестивалі бұған дейін Ақтөбе мен Ақтау қаласында өткен еді. Шараға 150-ден астам адам қатысып, тек 23-і түрлі аталым бойынша жеңімпаз атанды. Олар көпбалалы ана, аспаз, кәсіпкер, шебер және медиа, экономика тағы басқа салаларда жетістікке жеткендер. «Асыл ана» - бұл әлеуметтік жоба. Яғни, әйелдерге әр алуан тақырыпты талқылап, өзекті мәселелерді бірлесе шешуге мүмкіндік беретін алаң.
Гүлбаршын Заирова, қонақ:
- Дүниеге алып келген баланы тәрбиелеп, онымен қоса отағасының жағдайын жасап, туыстарының бәріне сүйкімді келін болып және қоғамда өз орнын таба білу ол оңай зат емес. Сондықтан, осы жиынтықтарды бойына сіңірген әйелдер осы жарысқа қатыса алады, қатысты да.
Нысаналы ЫҒЫЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы