Премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиевтің қатысуымен құқық қорғау саласын цифрландыруға қатысты жиын өтті
Бас прокуратура «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында 5 жобаны қолға алды. Олардың іске асырылу барысымен Үкімет басшысының орынбасары Асқар Жұмағалиев танысты. Алдымен вице-премьерге онша ауыр емес істерді электронды форматта тергеудің тетіктері баяндалды. Жүйе бойынша бүгінге дейін 8 мыңнан астам іс тергелсе, оның 3,5 мыңы сотқа жолданған. Бұл бастама дәлелдемелерді жинау жұмысын жеңілдетіп, тергеудің ашық жүргізілуіне себеп болып отыр. Ал, Бас прокуратурамен енгізілген «Қамқор» мобильді қосымшасы арқылы кәсіпкерлермен кері байланыс орнатылған. Егер заңсыз тексерулерді анықтаған жағдайда кәсіп иесі онлайн режимде шағым түсіріп, прокуратураның көмегіне сол мезетте жүгіне алады. Осының себебінен жөнсіз тексерулер біршама тыйылған.
Досымжан ЕРМҰРАТ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы