Басты Жаңалықтар Сот жүйесі мен құқық қорғау органдарын цифрландыру саладағы ашықтықты қамтамасыз етеді

Сот жүйесі мен құқық қорғау органдарын цифрландыру саладағы ашықтықты қамтамасыз етеді

Сот жүйесі мен құқық қорғау органдарын цифрландыру – бірінші кезекте саладағы ашықтықты қамтамасыз етеді. Осы тақырыпты талқылауға арналған дөңгелек үстелде Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов осылай деді. Оның айтуынша, бүгінде азаматтық талап арыздардың 91% электронды түрде беріледі. 6,5 млн. сот актісі интернетте қолжетімді болса, «Сот кабинеті» қызметін қолданушылар саны соңғы үш жылда 7 есе артып, 272 мың адамға жеткен. Сондай-ақ, дөңгелек үстел барысында қылмыстық сот ісін жүргізуде инновациялық технологияларды қолдану, электрондық форматтағы қылмыстық істерді тергеу, «Е-сараптама» жүйесін әзірлеу сияқты ең өзекті мәселелер болды. Жиын соңында сот және құқық қорғау органдарын одан әрі цифрландыру бойынша қарар әзірленді.

Жақып Асанов, ҚР Жоғарғы сот төрағасы:

- «Сот төрелігінің жеті түйіні» шеңберіндегі SMART-сот бағдарламасының сәтті іске асырылып жатқандығын атап өтті. Аталған бағдарлама соттардың IТ-қызметін қолданудағы қанағаттанушылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған. Осы орайда соттар жұмысына блокчейн, ауқымды деректермен жұмыс және жасанды интеллект технологияларын енгізу жоспарланып отыр. Аталған іс-шаралар Корея, Сингапур, Қытай және Біріккен Араб Әмірліктері соттарын цифрландыру тәжірибесі негізінде жүргізілуде.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу