Бір аптада үш рет көлік айдап әкеткен оралдық оқушы енді үйде оқытылады
Бір аптада үш рет көлік айдап әкеткен оралдық оқушы енді сабақты үйінде оқитын болды.
8 жастағы Коляның бойынан ауытқушылық анықтаған мамандар осындай ұйғарымға келді. Естеріңізге сала кетсек, тамыз айында Николай Керцман бір аптада үш рет көлік айдап кетіп, қиратты. Баланың бұл қылығы үшін ата-анасы 1,4 млн. теңге шығынға батты. Бүгінде олар қарыздың тек жартысын төлеген. Отбасындағы жалғыз ұл әке-шешесімен қатар ата-әжесінің де тәрбиесін көріп отыр. Бұдан былай баланың бос уақытын тиімді өткізуге баса көңіл бөлінбек.
Ғибарат Орынғалиева, қалалық №26 мектеп директоры:
- Баланы тексеру нәтижесінде оның бойынан ауытқушылық байқалды. Комиссия оны биыл үйде оқыту керек деп шешті. Николаймен психолог, логопед және мұғалімдер жұмыс істейді. Картинг үйірмесіне жазылғанымен, оған тек 9 жастан бастап қана алады екен. Енді жеңіл атлетика, жүзумен айналысады.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы