Малайзия мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы былтыр 80 млн. АҚШ доллары болған. Ал, биыл жеті айда бұл көрсеткіш екі есеге артты. Алматыда өткен Қазақстан-Малайзия іскерлік кеңесінде сарапшылар осыны айтты. Олардың сөзінше, екі елдің арасындағы дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынас жыл өткен сайын жақсарып келеді. Соның нәтижесінде, экспорт пен импорттың көлемін еселеп көбейтуге жол ашылды. Ал, енді Малайзияның 14 компаниясы Қазақстанның мұнай-газ саласында жұмысын бастамақшы.
Дато Уан Латиф Уан Муса, Малайзия сауда дамыту агенттігі басқармасы төрағасының орынбасары:
- Біз мұнай-газ өндірісі және оны терең өңдеу саласында Қазақстанмен бірлесіп жұмыс істеуді қолға алып жатырмыз. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде де әріптестікті арттырсақ деген ниет бар. Себебі, біздегі халықаралық халал стандарты әлемнің 150 мемлекетінде сұранысқа ие. Ал, бұл бағытта Қазақстанның мүмкіндігі мол. Сондықтан, біз болашақта екі елдің арасындағы сауда айналымын арттыруға ден қойдық.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.