Басты Жаңалықтар Қарағандыда ата-аналардан ақша жинап алған балабақша басшысына қатысты сот отырысы басталды

Қарағандыда ата-аналардан ақша жинап алған балабақша басшысына қатысты сот отырысы басталды

Қарағандыда ата-аналардан қыруар ақша жинап алған жекеменшік балабақша басшысына қатысты сот отырысы басталды. Мекеме директоры 27 адамнан «бақшаның жағдайын жақсартамын» деген сылтаумен қарыз алып, кейін оны қайтармай қойған. Сот отырысында айыпталушы мен оның қорғаушысы бет жүздерін көрсетуден бас тартты. Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, Қарағанды қаласында Анна Богатованың 3 балабақшасы және мектеп оқушыларына арналған қосымша тобы болған. 5 жыл бойы жұмыс істеген жекеменшік мекемелерде 250-ден астам бүлдіршін тәрбиеленген. Қазір барлығы жабылған. 

Лира Хамитова, жапа шегуші:

- Балабақшада балаларымыз жақсы тәрбие алсын деп барлығына келісеміз ғой. Біздің отбасы 1 миллион теңге берді. Төрт айда қайтарамын деді. Егер уақытында ақшаны бермесе немерем балабақшаға 6 жасқа дейін тегін келуіне болады деген қолхат та алдық. Кейін жұрттың барлығын осылайша алданғанын көріп, сан соқтық.

Анна Богатова, айыпталушы:

- Мен ата-аналар алдында өз міндетімді орындамағанымды мойындаймын. Қатты өкініп, кешірім сұраймын. Бірақ, қарызым 50 млн. емес, оның жартысы ғана. Бірақ, біреуді алдайын деген ойым болған жоқ. Расында да ғимаратты жалдауға, бизнесімді дамытуға млн-дар керек болды. Кейін қарызымды банктен несие алып, қайтармақ болғанмын. Бірақ, қаржылық қиындықтар мен бизнес серіктесімнің сатқындығының кесірінен бәрінен айырылдым.   

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу