ҚР Тұңғыш Президенті қорының өкілдері Шығыс өңірінің жастарымен кездесу өткізді
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының өкілдері Шығыс өңірінің жастарымен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты – жергілікті жердегі студенттерді әлемдік дәрежеге шығаратын жаңа бастамалар, ғылыми жұмыстармен таныстыру. Шара барысында қор жүзеге асырып жатқан жобалар талқыланды. Елдің дамуында білімді және белсенді жастар маңызды рөл атқарады. Сондықтан, кездесуде жастар үшін қандай шығармашылық және ғылыми байқаулар бар екені туралы айтылды. Шығыс Қазақстан облысының жастары ғаламдық нарыққа жол ашатын «Смарт жол» бағдарламасына да белсенді қатысқан. Тұңғыш Президенті қорының өкілдері «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы да әңгімеледі.
Азат Шәуеев, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры:
- Облыстарды аралап, қордың жұмысымен таныстырып жүрміз. Оның ішінде, облыстық әкімдіктермен екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Шығыс өңірінің жастарына, жоғары оқу орны студенттеріне, орта білім беру оқу орындары студенттеріне осы қордың түрлі қызықты жобаларымен таныстырып, қордың бірнеше қызықты байқауларына қатысуға шақырып, сондай мақсатпен келіп отырмыз.
Берік КӨШЕРБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы