Атырауда алғаш рет балалар этнофестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда алғаш рет балалар этнофестивалі өтті

27.09.2018

Шарада ұлттық құндылықтарымыз бен мәдениетіміз ұлықталды.  Фестивальге 250-ден астам оқушы қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Олар түрлі аталым бойынша өзара бақ сынасып, жиналғандарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Өскелең ұрпақ санасына ұлттық код ұғымын сіңіруге бағытталған шара  қолөнер жәрмеңкесіне ұласты. 

Мартагүл Қанатова, Атырау облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы:

- Әсіресе, ұлттық мәдениетімізді насихаттауға бағытталған шараларда балалардың қатысуы өте жоғары. Зергерлік бұйымдардан да, ағаш бұйымдарынан да, әшекей бұйымдарынан да олардың жұмыстары көптеп ұсынылды.

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

 

Хабарламаларға жазылу