Еңбек жағдайы талапқа сай емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еңбек жағдайы талапқа сай емес

27.09.2018

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарасты кәсіпорындар мен көмір шахталарындағы еңбек жағдайы талапқа сай келмейді. Қарағандылық прокурорлар тексеріс жүргізіп, мыңнан астам заң бұзу фактілерін анықтады. Бұған қоса 600-дей техникалық құрал-жабдық істен шығып, бірқатары әбден тозып біткен. Жұмыс орындарында санитарлық-гигиеналық жағдай сын көтермейді.

Кәсіпорын мен кеніштердің маңызды аумақтарында өрт қауіпсіздігі сақталмаған. Бұған қоса жұмысшылар газ бен басқа да улы заттар мөлшері көп, шаң басқан ортада еңбек етуге мәжбүр. Сондай-ақ, жалақы төлеу жүйесінде де кемшіліктер анықталды.

Бекзат Ахметов, Қарағанды облыстық прокуратурасы басқарма басшысының орынбасары:

- Тексеріс қорытындысы бойынша «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының басшыларына және уәкілетті органдарға  хаттамалар жіберілді. Кеткен қателіктердің 1000-нан астамы дұрысталды. Сондай-ақ, 100-ден артық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 18 894 жұмысшының конституциялық құқығы қорғалды.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу