Қазақстанда электронды саудаға яғни, «Киви» сияқты әмиян түрлеріне шектеу қойылуы мүмкін. Бұл туралы Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов айтты. Өйткені, дәл осы электронды сауда арқылы психотропты заттар еркін саудаланып жатыр. Кеше ғана Қазақ ұлттық университетінің бірінші курс студенті осындай әсері күшті дәріден қайтыс болды. 19 жастағы жігіт бұл дәріні Telegram арқылы 2700 теңгеге сатып алған.
Қалмұхамбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:
- Бізге және Ұлттық банкке «Киви» әмиянның жұмысын тоқтату керек деген тапсырма түсті. Өйткені, төлемдер туралы заңға сәйкес, электронды түрде 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ғана сауда жасауға рұқсат етілген. Жасырын сауданың көзін жоймай, біз есірткі сатушылармен күресе алмаймыз.
Индира БЕГАЙДАР
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.