Қала әкімі кеше терезеден құлаған баланы құтқарып қалған азаматқа 500 мың теңге сыйақы берді
10-қабаттан құлаған 7 жасар баланы құтқарған астаналық Артем Карев қала әкімі қолынан марапат алды. Ол қайсарлық танытып, жеткіншекті аман алып қалғаны үшін 500 мың теңгенің сертификатына ие болды. Ерлік ешқандай қаражатпен өлшенбейді. «Кеше Сіздің ерлігіңізді естіп, қатты қуанып қалдық. Жап-жас астаналықтың өмірін сақтап қалдыңыз. Біздің әкімдіктің атынан, бүкіл халықтың атынан сізге үлкен алғыс айтқымыз келеді. Сізге көп рахмет», - деді Бақыт Сұлтанов. Артем тосынсыйға қуанып қалғанын айтты. «Ал, қаражатты қайырымдылыққа жұмсайтын шығармын», - деп отыр.
Артем Карев, қала тұрғыны:
- Ақшаға мұқтаж емеспін. Кешегі оқиғадан кейін бұл ақшаны пайдалы жерге жұмсаған дұрыс деген пікір білдіргендер болды. Енді мен бұл қаражатты терезеге сақтық үшін орнатылатын арнайы құрылғыларға жұмсайтын шығармын. Әсіресе, көп қабатты үйлерге көбірек орнатылса деймін.
Нысаналы ЫҒЫЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы