Монополистердің жұмысы тексерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Монополистердің жұмысы тексерілді

26.09.2018

«Астана энергия» мекемесі тұтынушылардан жинаған қосымша қаржыны толық игерді. Бүгін табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестік пен тұтынушылар құқығын қорғау органдарының қызметкерлері Астанадағы жылу беретін мекемені аралады. Себебі, былтыр «Астана энергия» монополист компаниясы жылу бағасының шектік бағасына қосымша ақы қосу арқылы 1 миллиард теңгеден астам сомаға жаңарту жұмыстарын жүргізген. Мемлекеттік органдар бұл қаржының тиісті мақсатқа жұмсалғандығына көз жеткізу үшін мекемені арнайы аралады. Белгілісі, бұл қаржыға қосымша құрылғылар алынып, ескілері жаңартылған. Дәл осындай әдіс арқылы «Астана энергия» мекемесі алдағы 4 жыл ішінде шектік тарифке қосымша өтемақы енгізіп, 5 миллиард теңгеге жөндеу-жаңарту жұмыстарын жүргізбек. Сондай-ақ, келесі жылы жылу орталығының бір бөлігін газға көшіру жобасы әзірленуде. 

Олег Уткин, «Астана энергия» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- Біз көмірді аз жағып, газды көбірек жағуды ойластырып жатырмыз. Бірақ, тұтынушылар түсінуі керек, газдан алынған жылу көмірден алынған жылуға қарағанда айтарлықтай қымбат.  Сондықтан да, бірден газға ауысқан дұрыс емес. Кезең-кезеңімен құрылғыларды ауыстырамыз. 

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу