2020 жылдан бастап елімізде шетелдік банктердің тікелей бөлімшелері ашыла бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2020 жылдан бастап елімізде шетелдік банктердің тікелей бөлімшелері ашыла бастайды

26.09.2018

Бұл туралы Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымындағы тұрақты өкілі Жанар Айтжанова айтты. Қазақстан 4 жыл бұрын аталмыш ұйымға кіргенде қаржы саласын реттеу үшін «жеңілдік» мерзімін алған. Бұл мерзім 2020 жылы аяқталатын болады. Яғни, осы уақыттан бастап шетелдік қаржы институттары мен сақтандыру компаниялары қазақстандық заңнамаға сай тіркеуді қажет етпейді. Егер шетелдік банктер Қазақстан нарығын қызық деп тапса, біздің елге келіп, өз қызметін жүргізсе болады. Жанар Айтжанова несиелер мен ипотекалардың пайыздық ставкасы арзандауы мүмкін бе деген сауалға да жауап берді.

Айта кету керек, бүгін Астанада «Дүниежүзілік сауда ұйымына қабылдану» атты дөңгелек үстел басталды. Онда ұйымға қабылдануға ниеттенген елдерге қойылатын талаптары мен ережелері талқыланады.

Жанар Айтжанова, ҚР Дүниежүзілік сауда ұйымындағы тұрақты өкілі:

- Біз көптеген міндеттемелерімізді өтпелі кезеңмен алғанбыз. Қаржы саласында қызмет көрсету бәсекелестікті арттыруға алып келеді деп сенеміз.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу