ҚарМТУ ғалымдарының ойлап тапқан жобалары ЭКСПО көрмесінен кейін сұранысқа ие болып отыр
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті ғалымдарының ойлап тапқан жобалары ЭКСПО халықаралық көрмесінен кейін үлкен сұранысқа ие болып отыр. Жоғары оқу орны тарапынан үш бірдей жоба ұсынылған. Соның бірі - суды буландыру арқылы жылу жүйесін қамтамасыз ететін қондырғы. Ол электр энергиясын өте аз жұмсайды. Дегенмен, жылуды бірнеше есеге көп береді. Жаңа өнертабысқа отандық ірі кәсіпорындар қызығушылық танытқан. Ал, жақын күндері бұл жобаға халықаралық патент берілмек. Сондай-ақ, гидродинамикалық қысым арқылы энергия өндіретін жылытқыш қондырғы да тұрғын үйлер мен мекеме ғимараттары үшін тиімді. Басқа жылу көздеріне қарағанда энергияны 1,5 есеге көп өндіреді. Мұндай қондырғы Қарағанды, Астана қалаларындағы бірқатар мекеме ғимараттарына қойылған.
Валерий Кучин, жоба жетекшісі:
- ЕХРО халықаралық көрмесінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдардың көбі біздің қондырғыларымызға қызығушылық танытты. Астанадағы тұрғын үй құрылысы институтының өкілдері гидродинамикалық жылыту жүйесін келешекте өздерінің бағдарламасына енгіземіз деді. Шетелдік компаниялар да хабаласып жатыр.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы