Астанада журналисті өз есігінің алдында өлтіріп кетті
Қарақшылардың қолынан қаза болған марқұм Ирина Бекетова небәрі 37 жаста еді. Ирина шамамен 12 жыл «Қазақстан теміржолшысы» газетінде жұмыс істеген. Екі ай бұрын ғана «NUR.KZ» редакциясына ауысқан еді.
Ол Қарағанды облысының тумасы. Алматыда Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Астанаға көшіп келгеніне де көп бола қоймапты. Ең өкініштісі сол, оның артыңда аңырап төрт баласы қалды. Үлкені 12-де, екіншісі балабақша жасында, егіздері 3-тен асыпты. Оларды Ирина жалғыз асырап келген. Ал тұңғышы дауна дертіне шалдыққан екен. Әріптестерінің айтуынша, Ирина сол 4 баласы үшін күн-түн демей жұмыс істепті. «NUR.KZ» - ке де жалақысы көптеу деп ауысқан екен.
Ішкі істер департаменті өкілдері күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді. Алайда, оның кім, қайдан екені, не үшін өлтіргені әлі белгісіз.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы