Бұл еліміздегі медициналық туризмнің дамуына жол ашуда. Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой Мәжілістегі Үкімет сағатында осылай деді. Цойдың айтуынша, бізде экстракорпоралды ұрықтандырудың жолға қойылғаны соншалық, әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің азаматтары Астана мен Алматыға ағылады екен.
Бүгінде Қазақстанда жеті медициналық ұйымда «GCI» халықаралық аккредитациясы бар. Бұл осы клиникаларда емделу қауіпсіз екенін және барлық әлемдік стандарттарға сай келетінін дәлелдейді.
Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:
- Өткен жылы ем-дом қабылдауға келгендердің саны артқанын байқадық. 1680 шетел азаматы жоспарлы ақылы стационарлық ем алды, 23 мыңға жуық шетелдік сауықтыру қызметтеріне, оның ішінде шипайжай ем-домына келді. Атап айтқанда, бұл бағытта үлкен әлеует бар. Сондай-ақ, өз азаматтарымыздың сапалы көмекті елдің ішінде алуына екпін қойып отырмыз. Ол үшін қазақстандықтар жиі сапарлайтын елдерден инвесторлар тартылуда.
Досымжан ЕРМҰРАТ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.