Басты Жаңалықтар Елімізде өрт шалған аумақтар 9 есеге көбейіп отыр

Елімізде өрт шалған аумақтар 9 есеге көбейіп отыр

Елімізде өрт саны азайғанымен, өрт шалған аумақтар 9 есеге көбейіп отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Ішкі істер вице-министрі мәлімдеді. Юрий Ильиннің айтуынша, орман өртінің 80 пайызы адам кінәсінен болады екен.

Мәселен, жыл басталғалы  мобильді топтар 2 мыңға жуық рейд жүргізіп, 177  адамға 2 млн. теңгеден астам айыппұл салған. Оларға рұқсат етілмеген жерде от жағу, егін алқаптарын өртеу, өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтамауға қатысты айып тағылды.

Сондай-ақ, жыл басынан бері ел көлемінде  350-ден астам өрт тіркеліп, салдарынан бюджетке 200 миллион теңгедей шығын келгені белгілі болды.

Юрий Ильин, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

- Өрт қаупінің жоғары кезеңі аяқталды. Негізгі кезеңде біз күніне 2 өрттен тіркеп отырдық.  Әсіресе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Қостанай облыстарындағы орман өрті салдарынан өртенген аумақ көрсеткіші артты. Өртті азайту мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен, орманды алқаптарда тұратын халықпен 6 мыңға жуық жиналыс өткізілді, 55 мың адамды қамтитын дөңгелек үстелдер, жаттығулар жүргізілді.

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу