Ақтауда 478 отбасы қоныс тойын тойлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда 478 отбасы қоныс тойын тойлады

24.09.2018

Ақтауда 478 отбасы қоныс тойын тойлады. Пәтерлер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан ипотекалық компаниясы арқылы жалға берілді. Баспаналы болғандардың дені әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар. Пәтерлердің кілтін тапсыру рәсімі Ақтау қаласының 55 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Өңірде қазір тұрғын үй құрылысы қарқынды. Мәселен, жыл басынан бері 56 үй пайдалануға берілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда мың жарым пәтерге көп.

Жанар Базарбаева, қала тұрғыны:

- Мен үшін бүгін қуанышты күн. Ақтау қаласының 55 жылдық мерекесінде пәтерлі болдым. КИК компаниясына, Елбасына алғыс айтамын. Енді жұмысым бар, пәтерім бар, ары қарай халық үшін қызмет етемін.

 

Аягөз ОРАЛБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу