Елімізде жарты жылда 421 нысан жекешелендірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Елімізде жарты жылда 421 нысан жекешелендірілді

Елімізде жарты жылда 421 нысан жекешелендірілді

Елімізде 13 ұлттық холдинг жекеменшікке өтті. Бұл туралы Қаржы министрлігінің өкілі жекешелендірудің кешенді жоспары бойынша журналистерге берген баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Биыл 6 ай ішінде кешенді жоспарға енген 887 нысанның 502-і саудаға шығарылып, оның 421-і сатылыпты. Түскен қаражаттың басым бөлігі ұлттық холдингтер мен компанияларға тиесілі.

Атап өтсек, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамының активтерін жекешелендірудің арқасында 132 млрд.теңге көлемінде қаржы түскен. Жалпы, министрліктің айтуынша, кешенді жоспар ойдағыдай жақсы қарқынмен жүзеге асырылып жатыр. Жыл соңына дейін тағы 87 нысан сауда-саттыққа шығарылмақ. Ал, бүгінгі күнге дейін қойылған жоспар шамамен 77 пайызға орындалған екен. 

Қалымжан Ибраимов, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік және жекешелендіру комитетінің басшысы:

- Сату бағасы 216 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде 29 республикалық меншік объектісі. Сату бағасы – 26 млрд. теңге. 229 коммуналдық меншік объектісі. Сату бағасы – 49 млрд. теңге. 363 ұлттық холдингтер объектісі. Сату бағасы – 141  млрд. теңге. Сонымен бірге, кешенді жоспардың 63 топ объектісінің 15-і 110,5 млрд. теңгеге сатылды. Оның ішінде екеуі республикалық меншіктің және 13-і ұлттық холдингтердің объектілері. 

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу