Оралда лифт шахтасы өртеніп, 2 адам жапа шекті
Оралда лифт шахтасы өртеніп, 2 адам ыстан уланып қалды. Оқиға кеше кешкісін 9 қабатты үйде болды. 15 шаршы метр аумақты шарпыған өрт бірінші қабаттан шыққан. Қоқыс жанып, от содан тұтанған болуы мүмкін. Қызыл жалынның құрсауынан 5 адам құтқарылып, тағы 50 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Негізі жеделсатының өзі 18 жылдан бері істемей тұр. Тұрғындардың айтуынша, мұндай жағдай осымен үшінші рет қайталанып отыр. Қазір өрттің нақты шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.
Ақтолқын Оралова, қала тұрғыны:
- Бірінші түтін шықты, сосын өрт басталды. Кішкентай балалар бар, біреулер ұйықтап жатыр. Қорқынышты жағдай.
Назерке ТОҚЖАН
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің міндетіміз – кейінгі ұрпаққа кемел және қуатты Қазақстанды аманаттау»
30.09.2026, 10:13
Қазақстан Жаһандық инновациялар индексінде Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында ең жоғары өсім көрсетті
30.09.2026, 08:37
Мемлекет басшысы: Еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бар күшімді саламын
29.09.2026, 23:27
Елімде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын – Мемлекет басшысы
29.09.2026, 23:13
Тау туризмі: «Oi-Qaragai» курорты кеңейіп жатыр
29.09.2026, 20:58
Almaty SuperSki жобасы табиғатқа зиян келтірмейді
29.09.2026, 20:56
Непалда тасқын кезінде жоғалып кеткендер әлі табылған жоқ
29.09.2026, 20:54
KazHackStan 2026: Астанада киберқауіпсіздік мәселелері талқылануда
29.09.2026, 20:53