ҚР Президенті жанындағы Өзін-өзі басқару академиясының Алматы облыстық филиалында мұндай пән тұрақты түрде өтпек. Дәрісті Алматы облысы бойынша әдеп жөніндегі уәкіл жүргізеді. Жалпы, жыл басында ашылған академия қабырғасында 600-ден астам мемлекеттік қызметші қайта даярлау курсынан өтіп, біліктілігін арттырды. Ал, әдеп жөніндегі уәкілдің институты «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 12-ші қадамын жүзеге асыру мақсатында енгізіліп отыр. Бүгінгі таңда облыста 41 әдеп жөніндегі уәкіл белгіленді.
Талғат Өмірәлиев, Алматы облысы бойынша әдеп жөніндегі уәкілі:
- Жас мамандар жұмысқа кіргеннен кейін қандай деңгейде, қалай жұмыс істеуі керек? Ең бірінші, өздерінің әдептілігін, екінші мәдениеттілігін көрсетулері керек. Сол үшін осы нормаларды, қағидаларды үйретіп жатырмыз.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ