Қазақстандық автоөндіріс 2 есеге ұлғайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық автоөндіріс 2 есеге ұлғайды

23.04.2018

Қазақстанның автомобиль саласындағы Кәсіпорындар одағы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Альферов осылай деді. Қаңтар, наурыз айларында ғана құны 40 миллиард теңгеге жуықтайтын 6857 автокөлік құрастырылған. Тұтынушылар тарапынан да сұраныс жоғары. Мәселен, мемлекеттік сатып алулардың шеңберінде ғана былтыр 4 миллиард 747 миллион теңгенің көлігі сатылған. Қарапайым халық жыл басынан бері жаңа көлік алу үшін 26 миллиард теңге жұмсаған. Бұл сомма былтырғыдан 2,5 есеге көп.

Олег Альферов, «ҚазАвтоПром» Қазақстанның автомобиль саласындағы кәсіпорындар одағы» ЗТБ директорлар кеңесінің төрағасы:

- Біздің мұндай жетістіктерге жетуіміздің 3 себебі бар. Алғашқысы көлік модельдерінің көбеюі. Қазақстанда 19 түрлі брендтің 140-тан астам моделі құрастырылады. Екінші кезекте жеңілдетілген автонесиеге қосымша 8 миллиард теңгенің бөлінуі. Яғни, сатылған әр 4 көліктің біреуі несиенің осы түрі арқылы рәсімделген. Ең негізгісі экономиканың тұрақты түрде өсуі.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу