Өңдеуші өнеркәсіп одағы алдағы жоспарларымен бөлісті. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында тіркелген алты салалық бірлестік ортақ мүдделерін бірге қорғайтын болды. Ұйымға жалпы 243 компания кіреді. Кәсіпкерлерде жиі туындайтын мемлекеттік тапсырыс, есеп беру сияқты тағы да басқа жиі кездесетін проблемаларды олар енді бірлесе көтермекші. Мамандардың пікірінше, бұл кедергісіз бизнес жүргізуге, шағын және орта кәсіпкерліктің жылдам өркендеуіне және ең бастысы, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға үлкен сеп болмақ.
Марат Баққұлов, «Өңдеуші өнеркәсіп одағының» басқарма төрағасы:
- Бұрыннан әрбір қауымдастықта 10-15 адам жұмыс істейтін. Себебі, 90 процент мәселелер бірдей. Сатып алу, стандартизация, қалғанын салалар өздері шешеді. Себебі, фармацевттардың сұрақтары жиһаз жасаушылардікінен айырмашылығы бар. Ал, бірақ, көбінесе мәселелер бірдей.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ