Шетелдік кәсіпкерлер Қазақстанға қаржы құйып, жұмыс істеуге ниетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік кәсіпкерлер Қазақстанға қаржы құйып, жұмыс істеуге ниетті

06.04.2018

Олардың қызығушылығы жыл өткен сайын артып келеді. Мәселен, қаңтар-ақпан айларында негізгі капиталға инвестиция былтырғымен салыстырғанда 54 пайызға көп құйылған. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабікенов баспасөз мәжілісінде мәлімдеді.

Қазіргі уақытта министрлік «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамымен бірлесіп 2018-2020 жылдарға арналған тағы 658 жобаның негізгі тізімін құрды. Жоспарды жүзеге асыру үшін негізгі 2 бағыт бойынша жұмыстар атқарылуда: шетелден инвестиция тарту және елдегі инвестициялық климатты жақсарту. Себебі, кәсіпкерлер жұмыс істейтін аймақтағы экономикалық тұрақтылық пен жасалатын жағдайға ерекше назар аударады.

Сапарбек Тұяқбаев, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

- Қазіргі таңда тек қана шетелдік инвесторлар емес, қазақстандық жеке инвесторлардың да іске асырылып жатқан жобаларын бақылауға алдық. Оларға әртарапты қолдау көрсетіп жатырмыз. Жалпы, қазір бақылауымызда қолдау көрсетіп жатқан 180-ге жуық жобамыз бар.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу