Қазақстан органикалық өнімдерді өндіру мен сатудан әлемде жетекші елдердің қатарына ене алады. Бұл туралы «KazGrain-2018» конференциясында айтылды. Қазір әлемде химиялық қоспасыз, таза өнімге деген сұраныс күн сайын артып келеді. Ал, бізде бұл қажеттіліктің басым бөлігін жабатындай мүмкіндік бар. Климаттық жағдайымыз да қолайлы. Тек алдымен бірқатар мәселені біржақты ету керек. Мәселен, өнімді тасымалдау құнын арзандату, өндіріс технологиясын заманға сай бейімдеу. Форумда түрлі компаниялардың өзара байланысы, инвестиция, өнімді экспорттау сияқты маңызды мәселелер талқыланды.
Рафаиль Галямов, «Ақбидай-терминалы» АҚ басқармасының төрағасы:
- Қазір өнімді экспорттау тұрғысында ешқандай мәселе жоқ. Барлық жағдай жасалған. Ұзынсонар кезек жойылған. Орта, ірі бизнес өкілдерімен қатар, шағын кәсіпкерлер де өнімін экспортқа шығара алады. Бастысы, шетелдік компаниялармен келісімге отырып, тыңғылықты жұмыс істесе болғаны.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ