Стандартқа сай келмейтін өнімдер көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Стандартқа сай келмейтін өнімдер көбейді

15.03.2018

Стандарттарға сай келмейтін тауарларды заңсыз дүкен сөрелеріне жіберу деректері тыйылмай тұр. Бұған Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің жүргізген зерттеуі дәлел. Мәселен, 2017 жылы айналымда болған сүт өнімдерінің 23 пайызында тұтынушыларды алдау, өнімнің құрамы қораптағы сипаттамаға сай келмеу, тыйым салынған қоспалардың анықталу фактілері тіркелген. Қауіпті қоспалар тұтынушыларды түрлі ауруға, аллергияға шылдықтыруы мүмкін. Стандартты бұзған компанияға белгілі өнімді шығаруға, шетелдік кәсіпорын болса Қазақстанға өткізуге шектеу қойылады. Дегенмен, деректің жиілеуі жұмыстарды әлі де жүйелеу керектігін көрсетіп отыр. 

Жандарбек Бекшин, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:

- Бұл мәселе осылай жиі-жиі анықталып жатыр. Бұл тек қана Қазақстанда емес, барлық елдерде бар. Сондықтан, бұл жұмысты тұтынушылармен, қоғаммен бірге жасауымыз керек. 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу