Биылдан бастап бұл саладағы кәсіпкерлер салықтан да босатылды. Логистикалық жұмыстар да оңтайлы шешілуде. Енді шетелдік ірі компаниялармен бәсекелестік құруы үшін арнайы оқыту семинарлары ұйымдастырыла бастады. Онда интернет сауданың қыр-сырын жетік меңгерген мамандар тәжірибелерімен бөлісті. Тұрғындар үшін қазақстандық интернет-дүкендердің қызметін пайдалану тиімдірек көрінеді. Біріншіден, тапсырыс берілген тауар тез жеткізіледі. Екіншіден, тапсырыс берген тауар келген соң оны көріп, ұнамаған жағдайда бас тартуға да болады.
Асқарбек Алшанбаев, «Қазпошта» АҚ Е-сomмerce жөніндегі атқарушы директоры:
- Үшіншісі, ол төлем бойынша. Шетелдік интернет-дүкеннен сатып алатын болсаңыз, сіз ақшасын төлеп, сол жерге бірінші жібересіз. Ал, Қазақстанның интернет-дүкенінде тапсырыс келгеннен кейін төлеуіңізге болады. Ақшаны алдын ала жібермейсіз.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ