Ғалымдар өңірлердің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға үлес қоспақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар өңірлердің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға үлес қоспақ

20.02.2018

Ақмола облысының әкімдігі мен Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойды. Ғалымдар диқандарға қай уақытта егін себу қолайлы екенін, қай жерге қандай және қанша мөлшерде тыңайтқыш себу керектігі туралы кеңес бермек. Малды асылдандыру бағыты бойынша да нақты ұсыныстар әзірлейді. Елбасы ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өнімділігін алдағы 5 жылда 2,5 есе арттыруды тапсырды. Сондықтан, еліміз бойынша ұнның 22, сүттің 7 және еттің 6 пайызын өндіріп отырған Ақмола облысы ауыл шаруашылығы саласына ғылыми жаңалықтарды енгізуге басымдық бермек.   

Ақылбек Күрішбаев, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры:

- Министрліктің шешімімен университет жақында Солтүстік Қазақстан облыстарына ақылды технологияларды енгізу орталығы болып бекіді. Енді біз үлкен жұмысты бастайын деп отырмыз. Жоспар бойынша әр облыстан 2 базалық ірі шаруашылықты табамыз. Оларға жаңашылдықтарды енгіземіз. Қалғандары соларға қарайтын болады.

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу