Ірі контрабандалық қылмыстар жасаған күдіктілер қолға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ірі контрабандалық қылмыстар жасаған күдіктілер қолға түсті

19.02.2018

Олар көлеңкелі жолмен кеденнен тауар өткізіп тұрған. Заңсыз әрекет жасағандар Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында өткізілген арнайы операция барысында ұсталды. 35 қылмыскердің үшеуі Қырғызстан азаматы. Ұйымдасқан топтардың өкілдері Қытайдан тікелей және Қырғызстан арқылы көлеңкелі жолмен тауар тасыған. Ал, оларға бірқатар лауазымды тұлғалар көмек көрсетіп келген. Сәйкесінше ірі көлемде пара алып тұрған. Тауарлар Қазақстанның ірі қалалары мен Ресей Федерациясына жіберіліп тұрған.

Оксана Лоскутова, ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі:

- Жүргізілген іс-шаралар барысында барлығы 8 ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз іс әрекеттеріне тосқауыл қойылды. Аталған деректер бойынша экономикалық контрабанда, ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым мен трансұлттық ұйымдасқан топ құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу және парақорлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қылмыстық іс Бас прокурордың бақылауына алынды.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу