Қызылорда облысының 73 әкімі Астанаға келді
Шалғай ауылдар мен шағын қалалардың экономикасын ширату. Жеке сектор мен мемлекеттің мүмкіндігін ұштастыру. Қызылорда облысының 70-тен астам әкімі Астанаға арнайы келіп, мемлекеттік және жекеменшік әріптестік әдісін дамытуды үйренеді. Екі күндік семинарға 65 ауыл мен 7 аудан әкімі және Қызылорда қаласының әкімі келген. Оларға жаңа әдістерді Ұлттық экономика министрлігіне қарасты «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының» сарапшылары үйретеді. Айта кету керек, қазір елімізде мемлекеттік-жекеменшік әдісіне басымдық берілуде. Бұл салада арнайы заң қабылданып, көптеген жобалар жүзеге асуда. Сондай-ақ, жаңа реформа бойынша ауыл әкімдеріне дербес бюджет беру де қаралған.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нөсер жауын жұртты әбігерге салды
11.11.2026, 10:04
Нөсер жауыннан көшелерді су басты
11.11.2026, 10:03
Халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері талқыланды
11.11.2026, 10:01
Президент Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысына қатысу үшін Мәскеуге барды
11.11.2026, 10:00
Брюссельде Дүниежүзілік туризм форумы өтіп жатыр
10.11.2026, 20:18
Meta компаниясы балаларды әлеуметтік желіден шектемек
10.11.2026, 20:17
Ресей-Украина-АҚШ үшжақты келіссөзі басталды
10.11.2026, 20:17
Қысқа дайындық қалай?
10.11.2026, 20:16